7 ақпан күні Paperlab зерттеу орталығы сіздерді «Өзгеріссіз тәртіп: Қазақстандағы саяси реформалар неге алып келді?» атты талқылауға шақырады.
Қанды Қаңтар трагедиясынан кейін қоғамда үлкен өзгерістерге деген сұраныс аясында, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы елдегі саяси реформалардың жаңа кезеңін ашты. Бұл реформалар президенттік өкілеттіктерді шектеуді, парламенттің рөлін күшейтуді және үкіметтің есептілігін арттыруды көздеді. Алайда, 2024 жылдың басында ел басшылығы реформалардың сәтті аяқталғанын мәлімдеп, Қазақстанның саяси жүйесі түбегейлі трансформациядан өтті деп хабарлады.
Бұл реформалардың алға қойылған мақсаттарға қаншалықты жеткені – ашық сұрақ күйінде қалып отыр. Шынымен де «жаңа мемлекеттік-саяси жүйе моделі» құрылды ма, әлде бұл тек өзгерістердің көрінісі ғана ма? Сауалнамаларға сәйкес, қазақстандықтардың өзгерістер мен демократияландыруға деген сұранысы әлі де жоғары. Дегенмен, қазіргі өзгерістер үстірт қабылданадып, биліктің қажетті ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ете алмайды деп бағаланады.
Paperlab алаңында сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдерімен бірге реформалардың нәтижелерін, сондай-ақ елдің даму бағытына әсерін талқылауды ұсынамыз.
Талқылау сұрақтары:⠀
Спикерлер:
Талқылау модераторы – Серік Бейсембаев.
Уақыты мен орны:
7 ақпан, сағат 17:00, ParkInn қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 8А, Астана қ.
Офлайн қатысу үшін келесі сілтемеарқылы тіркеліңіз.

- Соңғы үш жылда Қазақстанда жүзеге асырылған саяси реформалардың нәтижелері қандай?
- Қазақстан неғұрлым авторитарлы елге айналуда ма? Демократияландыруға мүмкіндік бар ма?
- Реформалардың аяқталуы жарияланғаннан кейін Қазақстанның даму сценарийлері қандай болуы мүмкін?
Спикерлер:
- Әлия Тілеген, Paperlab зерттеушісі, саясаттанушы;
- Назгүл Ерғалиева, жария саясат және адам құқықтары саласындағы маман;
- Дина Елгезек, тәуелсіз журналист;
- Сергей Коновалов, әлеуметтану докторы, ISA мүшесі.