Новости

Қазақстандағы гендер: терістеу мен қабылдау

Анонсы
23 тамыз күні PaperLab зерттеу орталығы сіздерді «Қазақстандағы гендер: терістеу мен қабылдау» атты талқылауға шақырады.

Қазақстанда гендер тақырыбы қарама-қайшы ойлар туғызады. Бір жағынан, қоғамда гендерлік теңдік пен гендердің алуантүрлі көріністеріне деген қолдау болса, екінші жағынан, «гендер» түсінігіне және оны заң, құқық саласында қолданысына деген қарсылық көрініс табады.

Үкімет деңгейінде бұл сұраққа қатысты айқын позиция қалыптаспаған. ҚР Отбасы және гендерлік саясат Концепциясында гендерлік мәселелер отбасы институты аясында қарастырылады, ал гендерді ұғым ретінде биологиялық «жыныс» түсінігімен мағыналас қолданады. Сонымен бірге қоғамның бөлігі әйел мен еркектің рөлдеріне қатысты дәстүрлі көзқарасты ұстанады және гендердің әлеуметтік құрылым екенін қабылдамайды. Сөйтіп, гендерді осындай тұрғыдан қарастыруды талап ететін белсенділер қоғам тарапынан қарсылық көреді.

PaperLab алаңында біз гендер ұғымының Қазақстандағы қолдану қиындықтарын, бұл тақырып қоғамда екіжақты қабылдануының себептерін, және мемлекеттің гендерлік саясатында халықаралық нормалардың қолданысын қалай дамытуға болатынын талқылаймыз.

Талқылау сұрақтары:
  • Қазақстанда гендерге қатысты қандай мәселелер туындайды? Бұл сұрақ бойынша құндылықтардың поляризациясы байқалады ма?
  • Антигендерлік қозғалыстардың салдары қандай?
  • «Гендер» ұғымы қабылдану үшін Қазақстанның гендерлік саясатында қандай өзгерістер қажет?

Cпикерлер:
  • Халида Ажигулова, заң ғылымдарының докторы, БҰҰ халықаралық консультанты;
  • Айнұр Абайқызы, ҚҚДИ сарапшысы, саяси ғылымдар кандидаты;
  • Айгерім Құсайынқызы, гендерлік экономиканы зерттеуші, заңгер;
  • Азият Агишев, ЛГБТК+ белсенді, Education Community негізін қалаушы.

Талқылау модераторы — Камила Смагулова.

Уақыты мен орны:
23 августа, сағат 17:00, Астана қ., Сарыарқа даңғылы, 8А, ParkInn қонақ үйі.

Тіркелу формасын келесі сілтеме бойынша толтырыңыз.