10.10.2025

Paperlab Internships 2025

Paperlab зерттеу орталығы әлеуметтік және саяси зерттеулермен айналысады, сараптамалық білімді таратады және зерттеу мәдениетін қалыптастыру бойынша жобаларды жүзеге асырады.

Paperlab тағылымдама бағдарламасы зерттеу саласында жаңа қадам басып келе жатқан қазақстандық зерттеушілердің әлеуетін арттыруға бағытталған. 

2025 жылы тағылымдама қазақ тіліндегі зерттеулерді дамыту жобасы аясында өткізіледі. Біз өз зерттеуін қазақ тілінде әзірлеуді және жүргізуді қалайтын екі зерттеушіні қабылдаймыз. 

Тағылымдамадан өту барысында қатысушылар:
  • ментордың қолдауымен өз зерттеуін әзірлеп, оның нәтижесін Paperlab сайтында жариялайды;  
  • зерттеулер жүргізуге қажет дағдыларды меңгеруге арналған онлайн-трениңтерден өтеді;  
  • Paperlab командасының ағымдағы жобалар мен тапсырмаларына қатысады. 

Шарттар. Тағылымдамаға ақы төленеді (айына 120 000 теңге). Ұзақтығы – 4 ай, жоспарлы мерзімі: 2025 жылдың 3 қарашасынан 2026 жылдың 28 ақпанына дейін. Бағдарлама толық емес жұмыс күнін қамтиды, аптасына 20 сағаттан аспайды, Қазақстан уақытымен. Формат – қашықтан.

Кім өтініш бере алады. Бағдарлама 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары мен азаматшаларына ашық, жоғарғы жас шектеуі жоқ. Басымдық қазақ тілін жетік меңгерген, сонымен қатар орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлей алатын студентер мен жақында оқу бітірген түлектерге беріледі.

Өтінім беру тәртібі. Қатысу үшін сауалнаманы толтырып, жеке зерттеу жобаңыздың жоспарын қоса жіберу қажет. Өтінімдер Астана уақытымен 2025 жылғы 22 қазан, сағат 23:59-ға дейін қабылданады.

Іріктеу кезеңдері. Барлық өтінімдер іріктеу комиссиясымен мұқият қаралады, нәтижелер 2025 жылғы 24 қазанға дейін хабарланады. Өтінім берген барлық қатысушылар көрсеткен электронды пошталарына іріктеу нәтижесі жөнінде хабарлама алады. Бірінші кезеңнен өткен үміткерлер 27–31 қазан аралығында қысқа онлайн-сұхбатқа шақырылады. Тәжірибелік бағдарлама басталуы 2025 жылғы 3 қарашада жоспарлануда.
Жеке зерттеу жобасының жоспары.
Тағылымдама барысында сіз жеке зерттеу жобасын әзірлеп, жүзеге асырасыз. Біз сіздің ментормен және топпен бірге жұмыс істеуге дайын идеяңыз бар деп күтеміз. Тағылымдама кезінде жүзеге асырғыңыз келетін зерттеу жобаңыз туралы жан-жақты жазыңыз (200–400 сөз). Зерттеудің мақсаты мен контексін, сондай-ақ сізге қажет болуы мүмкін деректер мен әдістерді сипаттаңыз. Уақытыңыз бен ресурстарыңыз шектеулі болатынын ескеріп, зерттеуіңіз үшін нақты әрі жүзеге асырылатын мақсаттар қоюыңызды сұраймыз. 
Өтінімдер 2025 жылдың 22 қазаны, сағат 23:59-ға дейін қабылданады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, тағылымдама бағдарламасының үйлестірушісі Аружан Достайға хабарласыңыз a.dostay@paperlab.kz.
РАССЫЛКА