Paperlab зерттеу орталығы Қазақстан өңірлеріндегі енді бастап жүрген қоғам белсенділерін Paperlab Civic School онлайн-мектебіне қатысуға шақырады. Онлайн-мектеп жергілікті азаматтық бастамаларды қолдауға және қауымдастық мәселелерін зерттеу, адвокация және стратегиялық коммуникация үшін қажетті дағдыларды дамытуға бағытталған, яғни бағдарлама сізді
қауымдастығыңыздағы мәселені анықтауға,
ақпарат жинауға, тұжырымдарды шығарып, оларды көпшілік алдында ұсынуға үйретеді.
Бағдарламаның мақсаты – негізінен
қазақ тілінде жұмыс істейтін енді бастап жүрген азаматтық белсенділер үшін тәлімгерлік пен оқудың қолжетімділігін арттыру.
Өңірлердегі белсенділердің қатысуын (Астана мен Алматыдан басқа) ерекше күтеміз.
Біз келесі үміткерлерді қатысуға шақырамыз: - өз қаласында/ауылында қоғамдық мәселелерді шешу үшін жұмыс істеп жүрген;
- жергілікті қауымдастықтың мүдделерін қорғауға ниеттенетін (адвокация);
- жұмысын негізінен қазақ тілінде жүргізетін;
- жағдайды өзгерту үшін ақпаратты іздеуді, оны талдауды және нәтижелерді қолдануды үйренгісі келетін;
- бағдарламаға аптасына 4 сағат бөлуге дайын.