PaperLab зерттеу орталығы әлеуметтану және қоғамдық саясат бойынша зерттеулермен айналысады, сараптамаларды жүргізеді және зерттеу ортаны нығайту үшін жобаларды жүзеге асырады. Өсіп келе жатқан ұжым ретінде біз әлеуметтік маңызы бар зерттеулер жүргізуге, азаматтық қоғамды дамытуға және өзін-өзі дамытуға талпынатын адамдарды іздейміз.
Біз бірнеше тақырыптық бағыттар бойынша зерттеушілерді іздейміз, соның ішінде келесі тақырыптар (бірақ олармен ғана шектелмейді):
- Орта білім берудегі теңсіздік
- Гендерлік зерттеулер
- Қытайдың Қазақстандағы рөлі
Практика ақылы, мерзімі 2-3 ай (наурыз-мамыр айлары аралығында) әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар. Жұмыс қашықтан, толық емес жұмыс уақыты аптасына 20 сағаттан аспайды. Біз қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білетін студенттер мен жаңадан бітірген түлектерді іздейміз.
Өтініштер
15 ақпанға дейін (қоса алғанда) қабылданады. Сұрақтарыңыз болса info@paperlab.kz электронды поштасына жазуыңызға болады.