PaperLab тәлімгерлік жобасының нәтижелері

08.12.2021 НОВОСТИ
Зерттеулер мен талқылауларды жүргізумен қатар, PaperLab командасы жас зерттеушілердің әлеуетін дамытумен белсенді түрде айналысады. 2021 жылдың сәуірінде осы мақсатта Назарбаев Университетінің бакалавр мен магистратура студенттері іріктеліп алынған тәлімгерлік бағдарламасы іске қосылды.
Университетте оқу жылы бойы студенттер жоғары сапалы академиялық мақалаларды көп жинайды, бірақ олар еш жерде жарияланбайды. Осыны түсінген PaperLab оларға танымал аналитикалық медиа платформаларға жол табуға және жұмыстарын жариялауға көмектесу керек деп шешті. Команданың осы бастамасы қажетті ресурстар мен ынталандыруды қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар Орталық Азиядағы аналитикалық өрісті аймақтың жаңадан шыққан зерттеушілерінің жаңа көзқарасымен қанықтыруға көмектеседі.

Серіктестермен байланыса отырып, PaperLab бастамаға қолдау тапты, сонымен қатар бағдарламаның болашақ тәлімгерлері болды.

Іріктелген қатысушылар үшін тәлімгерлер анықталды: Paperlab зерттеу орталығының сарапшылары – Малика Токмади, Серік Бейсембаев, Камила Ковязина, The Oxus Society for Central Asian Affairs президенті Эдвард Лемон және CABAR.asia сарапшысы Наргиза Мураталиева.

Олар зерттеу жүргізуге және жазу дағдыларын жетілдіруге көмектесті, қатысушыларды Орталық Азия туралы жетекші аналитикалық платформаларда өз жұмыстарын жариялау үшін қажетті біліммен қамтамасыз етті. Бағдарламаның негізгі міндеті зерттеулер мен мақалалар сияқты дайын өнімді алу ғана емес, тәжірибе жинақтау арқылы зерттеушілердің әлеуетін сарапшылыққа айналдыру болды.

Бағдарлама нәтижесінде The Oxus Society және CABAR.asia платформаларында Қазақстандағы спорттан бастап декоммунизация тақырыбынан дейін жүргізілген зерттеулерге негізделген бес мақала жарияланды. Мақала авторлары өз тақырыптарын терең түсініп, өз жұмыстарында дәлелдерді ұсына білді.

Аружан Мейірханованың зерттеуі бойынша Қазақстан өз аумағындағы «лениндер» саны бойынша посткеңестік кеңістікте төртінші орында тұр. Ол өз мақаласында Қазақстандағы декоммунизация саясаты және мемлекеттің ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мен Ресеймен қолайлы қарым-қатынасты сақтау арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтайтыны туралы айтады. Автор Ленин ескерткіштері төңірегінде жұртшылық арасында айтылып жатқан әңгіме тақырыбын да қозғайды.
ОҚУ (ENG)
Влад Лим өз мақаласында «қазақтандыру» жобасы, ұлтшылдықты саяси-идеологиялық құрал ретінде қолданудың және ұлтаралық келісімді насихаттаудың мысалдары туралы айтады. Автор Қазақстандағы дүнген, ұйғыр және тәжік өкілдерімен болған терең сұхбаттарды саралай отырып, ұлтаралық қақтығыстардың себебін түсіндіреді. Бұл қақтығыстардың себебі көбінесе экономикалық жетіспеушілік сезімі болып табылады.
ОҚУ (РУС)
Жаннұр Ділдабаева өз мақаласында «Келинка Сабинаның» Қазақстандағы гендерлік дискурсқа қалай әсер ететіні туралы айтты. Неке және отбасы туралы қазақ фильмі «Келинка Сабина» – әйел бейнесі мен әлеуметтік рөлін зерттеу үшін үлгі ретінде алынды. Жаннұр фильмдегі оқиғалар мен қыздарды келін етіп алып қашу мәселесінің өзектілігін жаза отырып, фильмдерде сексизмді, гендерлік кемсітушілікті, тең емес құқықтарды және келіндерді тұрмыстық қанауды қалыпты етіп көрсету жалғасуда деп түйіндейді.
ОҚУ (ҚАЗ)
Диас Тәкенов өз мақаласында ұлтты қалыптастыратын компоненттерді және дәстүрлі күрестің қазақстандық бірегейліктің маңызды бөлігін қалай құрайтынын зерттейді. Диас мемлекет спорттың белгілі бір түрлерін дамытуға қомақты қаржы бөлетінін жазады және оның себебуі спорт «ұлттық күш» идеясын ілгерілету құралдарының бірі болуында екенін атап өтті. Дегенмен, мемлекеттің осы ұлттық күштің бейнесін құруы көбінесе ер адамдардың агрессивті көріністеріне әкеледі.
Томирис Машан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы ұйғырлардың құқықтарының бұзылуы мәселесін ашып көрсетеді. Мақалада өнермен айналысатын активистер қауымдастығының Шыңжаңда тұратын ұйғырлардың мәжбүрлі еңбек мәселелерін көрсетуге қалай қарайтыны және үлес қосқаны туралы айтылады. Олардың жұмысы мен жұртшылықтың реакциясын талдай отырып, Томирис пандемия жағдайында цифрлық белсенділік тіпті жабық шекара жағдайында да әлеуметтік мәселелер туралы айтуға мүмкіндік береді деген қорытындыға келді.
PUBLIC
POLICY
RESEARCH


© 2015-2023 Paperlab

РАССЫЛКА