Making New Experts жобасының төртінші маусымын (2023-2024) жүзеге асыру Демократияны қолдау жөніндегі ұлттық қордың (NED) арқасында мүмкін болды. Жоба қоғамдық денсаулық сақтау, әлеуметтану, саяси ғылымдар, музыкатану, ерте даму, құқық қорғау сияқты салалардағы қатысушылардың басын қосты.
Жаттықтырушы: Адиль Джалилов - медиа-сарапшы, MediaNet Халықаралық медиа орталығы/Factcheck.kz.
Медиа-жаттықтырушы және фактчекер Адиль Джалилов қатысушыларды медиа-мәтіннің ерекшелігі мен сапасымен таныстырды. Адиль зерттеушілердің әртүрлі медиа форматтарын не үшін қолдану керектігі туралы дәлелдермен бөлісті, оларға медиа-мәтіндерді жазу және өз жұмыстарында фактчекингті қолдану дағдыларын үйретті.
Тренинг барысында қатысушылар:
медиаға арналған мәтіндерді қалай құрастыруды және өз зерттеулерін «медиа тіліне» «аудару» туралы білім алды;
өз зерттеулерінің негізінде мемдер жасауды үйренді;
өз сараптамалық бейіндерін ілгерілету үшін фактчекинг және жасанды интеллектті пайдалану негіздерін үйренді.
“
Маған ақпаратты оңай қабылдау және практикалық жағынан қарағандағы пайдасы тұрғысынан ұнады.
Тренинг қатысушысының пікірі
“
Жаттықтырушының әдіс-тәсілдері ұнады. Өте оңай түрде ұсынылған қызықты ақпарат көп болды.